Прецентация. Оразақын Асқар. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі_
Читать

Прецентация. Оразақын Асқар. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі_

Cкачать презентацию: Прецентация. Оразақын Асқар. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі_

    Ничего не найдено.
Click here to cancel reply.

Презентация по слайдам:


Слайд #1

Табыс тілеймін!
Күніңіз сәтті болсын!
Өте жақсы бағалар ал!
Жақсы жаңалық естисіз!
Тоқсан сәтті аяқталады!
Жаңа таныстық болады!
Сен керемет жансың!
Сен ақжүрек адамсың!
Сені сыйлайтын достарың көп!
Сен сондай мейірімді жансың!

Слайд #2

Сен анаңның мақтанышысың!
Күніңіз сәтті болсын!
Сен отбасыңда ең қымбат жансың!
Сөз жазасыз
Сен мықты жансың!
Сен мақсатыңа жетесің!
Сен жақсы маман иесі боласың!
Сөз жазасыз
Сөз жазасыз
Сөз жазасыз

Слайд #3

Топқа бөлу
Атамекен
Туған жер
Туған жер
Атажұрт

Атажұрт
Атамекен
Туған жер
Атамекен
Атамекен
Туған жер
Атажұрт
Атажұрт
Атамекен
Туған жер
Атажұрт
Атамекен
Келесі бет

Слайд #4






«Білім жүлдесі» әдісі
8-10 ұпай
5-7 ұпай
1-4 ұпай

Слайд #5







Наурыздың төрті
Аптаның дәйек сөзі:
Патриотизм – ата-анаңды құрметтей білуің...
Бауыржан Момышұлы

Слайд #6


Сабақ мақсаттары:
10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау



Сабақтың тақырыбы: Оразақын Асқардың
«Шетте жүрген бауырластарға» өлеңі

Слайд #7

Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда
ҚХР Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының Тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрады. Жас ақынның орталық газет-журналдарда жұмыс істеуі оның әдебиетке төселуіне үлкен әсер етеді.. Белгілі ақын, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Оразақын Асқар 2019 жылы 25 қаңтарда 84 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Қазақтың көрнекті ақыны –Оразақын Асқар

Слайд #8

Ақынның шығармашылық жолдары
1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды. 
1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына алғашқы өлеңдері енген. Содан бері 40-тан астам өлең жинақтары жарыққа шыққан. 
Оразақын Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады.
«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай «Әлем балалар әдебиеті» атты қазақ тіліндегі елу томдықты шығару жұмысына қатысып, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Ғылым» баспасынан шығып жатқан 100 томдықтың 2 томын жинап бастырды.

Слайд #9

Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964;
Мейірім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
Күнгей. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975;
Ләйлә. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;
Көкорай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;
Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981;
Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984;
Таудай бол! Өлеңдер. А., «Жалын», 1984;
Белжайлау. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1985;
Расти большим. А., «Жалын», 1985;
Өркеш. Таңдамалы, А., «Жалын», 1987;
Қара өлең. А., «Жазушы», 1989;
Баркөрнеу. Таңдамалы, А., «Жалын», 1992;
Құран хикаялары. Аударма. А., «Жалын», 1992;
Керімсал. А., «Жазушы», 1994;
Жарапазан. А., «Балауса», 1995;
Суретті әліппе. А., «Өнер», 1996;
Әрі итер әлеміне саяхат. А., «Интерпечать», 1999.
Орбұлақ. Өлеңдер. А., «Ануар», 2000;
Тәуелсіздік тартулары. А., «Өнер», 2001;
21. Отан деп оянғанда. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жалын», 2004;
22. Атамекенге оралғанда. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2005;
23. Ұяда нені көрсең... Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
24. Қос қоңырау. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
25. Сүт сыйлықтары. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
26. Ұлттық ойындар. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
27. Жаңа баталар. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
28. Жеткіншек. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Балалар әдебиеті», 2005;
29.Әріп - дыбыстық таңбасы. Өлеңдер. А., «Аруна», 2005;
30. Дербестік дес бер-генде. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2006;
31. Мерекелер. Өлеңдер. А., 2007;
32. Алтын абдыра. А., «Балауса», 2007;
33. Елеулі елу ертегі, жебе дей жетпіс жұмбақ. А., «Ана тілі», 2007;
34. Ел ішінде. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2008;
35. Інжу маржан. Әлем елдерінің халықтық жырлары. Аударма. А., «Балауса», 2008;
36. Балаларым - бақытым. Өлеңдер. А., «Алматыкітап», 2008;
37. Ақша туралы ақиқат. Өлеңдер. А., «Мектеп», 2008;
38. История денег. Стихи. А., «Мектеп», 2008;
39. Логопедтік әліппе. Өлеңдер. А., 2008.
Ақын шығармалары

Слайд #10

Слайд #11

Топтық жұмыс. «Атамекен» тобы
Өлеңнің композициялық құрылымын анықтап,
кестені толтырыңыз.

Дескриптор:
Өлеңге композициялық талдау жасайды..
Ком/қ құрылымына сай тақырып анықтайды.
Тақырыпқа сай өз ойларын білдіреді..
3 ұпай

Слайд #12

Топтық жұмыс. «Атамекен» тобы
Өлеңнің композициялық құрылымын анықтап, кестені толтырыңыз.

Слайд #13

«Туған жер» тобы

Өлеңдегі негізгі айтар ойды мақалмен түйіндеңдер.

Дескриптор:
Өлең үзіндісіне сай мақалды табады.
Мақалдың мазмұнын ашады.
Мақалға сай өз ойларын білдіреді.
3 ұпай

Слайд #14

«Туған жер» тобы

Өлеңдегі негізгі айтар ойды мақалмен түйіндеңдер.

Слайд #15

«Атажұрт» тобы
Берілген үзінділер арқылы шығарма оқиғасының уақытын анықтаңыз.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып…
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына…
Дескриптор:
Өлең үзіндісіне сай уақытын,
оқиға кезеңін
табады.
Сол кезеңге сай мәлімет береді.
Өз ойларын білдіреді.
3 ұпай

Слайд #16

«Атажұрт» тобы тапсырмасы
Берілген үзінділер арқылы шығарма оқиғасының уақытын анықтаңыз.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып…
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына…
1991 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып жарияланғаннан кейін ТМД және Қытай мен Моңғолия және Түркия мен Ирандағы, сондай-ақ басқа да шеттегі мыңдаған қандастарымыздың атамекенге орала бастағаны – тарихи шындық. Осы орайда 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өткенін ерекше атап айтуға болады. Бұл құрылтайға 33 елден 800-ге жуық адам қатысты. Жиында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, жарғысы қабылданды. Міне, өлең мазмұны осы тұсқа сәйкес келеді.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.


Слайд #17

Автор бейнесі – әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әртүрлі дәрежеде, әр қырынан танылады.
Автордың бейнесін оқырмандар оқиғаны айту мәнері, кейіпкерлерді мүсіндеу ерекшелігі, жазушылық мақсаты, белгілі бір мәселелерге деген көзқарасы арқылы анықтай алады.
Мысалы, «Бұрыңдар көшті атамекен жаққа!» деген жолды автор бейнесімен байланыстыра талдасақ, Асқар Оразалы ақынның поэзиясы оқырманын «Атажұрт шақырады тұқымым деп» Атамекенге оралуға шақырады. Әр қазақ үшін өзге елдің өз Отанындай болмайтынына ақын жырларын оқып шыққан соң иланбасқа амалың жоқ. Ақын жырларындағы елге деген адалдықтың, «Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа» деуі оның пәлсапалық иірімін тереңдетіп жібереді.

Слайд #18

Өлеңдегі автор бейнесін анықтаймыз.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.

Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.

Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.

Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.

Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.

Слайд #19

Тарихи шолу

Слайд #20

3
ТАПСЫРМА

Дескриптор:
- өлеңнен ақынның бейнесін білдіретін үзіндіні табады;
-үзіндідегі ақын бейнесіне айшықты пікір келтіре отырып жазады.
3 ұпай
Асқар Оразалы «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңіндегі ақын бейнесін айшықты пікірмен дәлелдеп жазыңыз.

«Қос жазба» әдісі

Слайд #21

1992 жылы жазылған Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңі - шетелдегі барша қазақты атамекенге шақырған үндеу өлең.
Өлеңнен ақынның еліне деген сүйіспеншілігін байқауға болады. Өлеңді оқи отырып, елжанды азаматтың биік тұлғасын анық көре аламыз. Қазіргі уақытта оқумен болсын, кәсіппен болсын, шетелге кетіп жатқан жастарымыздың елге оралмай, барған жерлерінен қайтпай қалып қоятын жағдай кездесіп жатады. Ақын идеясы «шетелде жүріп сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мағынамен астасады. Ақын «бәріміз бір кісідей жұмылсақ, барымызды бағалап, жоғымызды түгендей түсеміз, елімізді көркейтеміз» дегенді айтады. «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңі дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен барша қазақты атамекенге шақыруымен, қазақ тұтастығын насихаттауымен құнды.

Слайд #22


«Сиқырлы ұяшықтар» әдісі
Дескриптор:
Ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап береді.
Өз ойларын білдіреді.
1 ұпай

Слайд #23

https://wordwall.net/ru/resource/87741904

Слайд #24

Қорытынды
4
1
2
3
5
өлеңнің басты идеясын айқындадық;
өлеңдегі автор бейнесін анықтадық.
«Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
мазмұнымен таныстық;
өлеңнің композициялық құрылымын анықтадық;
Оразақын Асқар ақынның өміржолы
мен шығармашылығымен таныстық;

Слайд #25

Назарларыңызға рахмет!