Презентация на тему "ББЖМ оқу сауаттылық"
Cкачать презентацию: Презентация на тему "ББЖМ оқу сауаттылық"
Презентация по слайдам:
Слайд #1
Ағылшын тілі пәні бойынша білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі кезінде «Оқу сауаттылығы» тапсырмасындағы мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді жолдары.

Слайд #2
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі.
Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады.
Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды.
Оқу сауаттылығы:
• Ақпаратты табу;
• Мәтінді интерпретациялау;
• Рефлексия және бағалаудан тұрады.

Слайд #3
Оқуды түсінудің екі негізгі құрамдас бөлігі – сөздік білім және мәтінді түсіну. Осы екі дағдының қосындысы оқушыларға мәтінді барынша пайдалануға көмектеседі.
Сөздік білім
Сөздік білім дегеніміз – оқуды түсінудің басталатын жері. Сөздік қоры жақсы оқушылар сөздердің нені білдіретінін түсінеді және берілген мәтінді түсіну үшін қажетті негізгі білімге ие болады.
Оқушылардың сөздік қоры немесе жаңа сөздерді меңгеру қабілеті болмаса, оқуды түсіну процесі басталмай тұрып аяқталады.
Мәтінді түсіну
Мәтінді түсіну – мәтіннің нақты нені білдіретінінің жалпы көрінісі. Бұл оқушыларға не айтылғанын және одан не үйрену керектігін түсіну үшін мәтінмен өзара әрекеттесуге көмектеседі.
Оқушылардың мәтінді түсіну дағдылары жақсы болса, олар автордың не айтып жатқаны туралы сұрақтарға жауап бере алады, үзіндіні қорытындылай алады және мәтіндер немесе алдыңғы білімдер арасындағы ақпаратты байланыстыра алады.

Слайд #4
Оқушылардың мәтінді оқып түсіну қиындықтары
Солардың ішінде:
• Олар басқа оқу стилін қалайды (комикстер, манга)
• Олар оқуға да, жазуға да қызықпайды (ұялы телефон, әлеуметтік желі)
• Олардың мәтінді түсіну үшін қажетті алдын ала білімдері жоқ, сөздің қоры аз.
• Олар бір уақытта бір сөзге назар аудару қиынға соғады және маңызды ойларды жіберіп алады.

Слайд #5
Оқушылардың оқуға деген сүйіспеншілігін ояту үшін сыныпта өзім қолданатын стратегиялар
1. Бар білімге сүйену
2. Көрнекі құралдарды қолдану
3. Сөздік қорын дамыту
4. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
5. Негізгі ақпаратты анықтау және қорытындылау
6. Қорытынды жасау

Слайд #6
МӘТІН
Тұтас мәтіндер
Тұтас емес мәтіндер
Аралас мәтіндер
Жиын мәтіндер

Слайд #7
ТҰТАС ЕМЕС МӘТІНДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
• ГРАФИКТЕР
• ДИАГРАММАЛАР
• СЫЗБАЛАР (КЛАСТЕР)
• ТАБЛИЦАЛАР
• ЖЕРГІЛІКТІ МЕКЕН КАРТАСЫ
• КІРУ БИЛЕТТЕРІ
• ЖОСПАРЛАР (ҮЙ-ЖАЙЛАР, ҚҰРЫЛЫСТАР Т.Б.)
• САЙТ КАРТАЛАРЫ

Слайд #8

Слайд #9
Сабақ барысында қолданылатын тиімді техникалар
- dictation; (фонетика мен грамматика бойынша жұмыс жүргізіледі )
- rewriting; (мәтін бойынша бір сөйлемді еске сақтап жазу немесе синонимдерді, антонимдерді еске сақтап қайта жазу)
- gap filling (with one words); (бос орынды толықтыру, аудио қолданса болады)
- jumbled sentences with your own ideas; (бір сөйлемді немесе бір обзацтағы сөйлемдерді ретімен құрастыру )
- dictionary; (мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызып мағынасын ашу)
- match the two parts of each sentences; (сөйлемнің басын және аяғын сәйкестендіру)
- magic; (мәтін бойынша сұрақтар жазылыған қағаздарды әр жерге жасырыу)
- mistake; (мәтін бойынша әдейі қателер жасау)
- text reduction; (20-30 сөйлемнен тұратын мәтінді мағынасын сақтай отырып, 12-15 сөйлемге қысқарту)
- make your own text. (балаларға белгісіз мәтін бойынша бірнеше сұрақтар беру және жауаптарын мәтіннің түпнұсқасымен салыстыру)

Слайд #10
Назарларыңызға рахмет !
