Презентация по химии ТЕМА: Азот оксидтері,азот қышқылы және нитраттар.
Читать

Презентация по химии ТЕМА: Азот оксидтері,азот қышқылы және нитраттар."

Cкачать презентацию: Презентация по химии ТЕМА: Азот оксидтері,азот қышқылы және нитраттар."

    Ничего не найдено.
Click here to cancel reply.

Презентация по слайдам:


Слайд #1


Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
Амангелді атындағы жалпы орта
мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Оңғарбай Салтанат Қалимолдақызы





Азот оксидтері,азот қышқылы
және нитраттар.


Слайд #2

Сабақтың мақсаты:
а)оқушыларға азот қосылыстарының химиялық
және физикалық қасиеттерін түсіндіре отырып білімдерін тереңдету, азот қышқылының басқа қышқылдардан айырмашылығын айту арқылы оларға мәліметтер беру;
ә)оқушыларға есептер шығарту арқылы білімдерін дамыту;
б)өз ойларын жинақтай білуге үйрету.

Слайд #3

Күтілетін нәтиже: оқушылар оқушылар азот қосылыстары туралы біледі,өз ойларын жинақтай алады,білімдерін жүйелейді,жетілдіреді,есеп шығару арқылы логикалық қабілетін дамытады,өз бетінше ізденеді.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:«Екі шындық бір жалған», «Мен бүгін не білдім?»,«Формулалар сөйлейді» әдісі, «Аяқталмаған сөйлем», «Конверт-сұрақ» әдісі бойынша есептер шығару,миға шабуыл.
Сабақтың көрнекіліктері:химиялық реактивтер,ыдыстар,
флипчарт,түрлі-түсті қағаздар,желі мәліметтері,сұрақтар топтамасы,кері байланыс парақтары.

Слайд #4

Үй тапсырмасын сұрау
«Азот.Аммиак.Аммоний тұздары»

І топ.«Екі шындық бір жалған» әдісі бойынша сұрақтар қою.
Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс,бұрыстығын айтады.
Оларға 3 сұрақ беріледі:екеуі дұрыс,біреуі қате.
ІІ топ. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша оқушылар сөйлемдерді аяқтап,түсіндіреді.
ІІІ топ. «Формулалар сөйлейді» әдісі арқылы берілген формуларға қысқаша түсініктеме береді.

Слайд #5

І топ. «Екі шындық бір жалған»
1.Азот литиймен әрекеттесіп,нитрид түзеді.
2.Зертханада аммиакты азот пен сутектен синтездеу арқылы алады.
3.Қосылу реакциясы нәтижесінде аммиак қышқылдармен аммоний тұздарын түзеді.


Слайд #6

ІІ топ. «Аяқталмаған сөйлем»
1.Аммиак қышқылдармен........................
2.Азоттың тотығу дәрежелері....................
3.Аммоний тұздарына................................

Слайд #7

ІІІ топ. «Формулалар сөйлейді»
NH4Cl+NaOH=NaCl+NH3+H2O
NH4HCO3=NH3+CO2+H2O
4NH3+5O2=4NO+6H2O


Слайд #8

Жаңа сабақтың тақырыбы:

Азот оксидтері,азот қышқылы
және нитраттар.

Слайд #9

Азот оксидтері:
N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5

Азот (І) оксиді – түссіз, әлсіз иісті, тәттілеу дәмі бар газ, ауада нашар ериді. Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттеспейді.
Бірдей көлемдегі NO-пен NO2 әрекеттесуінен түзілетін азот (ІІІ) оксиді N2O3 ашық көк түсті әдемі сұйықтық. Бұл оксид сумен қосылып көк түсті әлсіз азот қышқыл түзеді. Аз мөлшердегі натрий нитратына өңделген ет ұзақ уақытқа өзінің бастапқы түсін сақтайды.
NO2 - улы газ.

Азот (V) оксиді N2O5 – қышқылдық оксид,түзілетін ақ түсті кристалдық зат. Оны зертханалық практикада сирек қолданады.

Слайд #10

Азот қышқылы(HNO3)
Зертханада алу:
KNO3 + H2SO4 = HNO3 + KHSO4

Өндірісте азот қышқылын алу 3 сатыда жүреді:
1.Катализатор қатысында аммиакты NO оксидіне
дейін тотықтыру:4NH3 + 5O2 = 4NO +6H2O
2.NO оксидін NO2-ге дейін тотықтыру:
2NO + O2 =2NО2
3.Оттегі қатысында NO2-нің суды сіңіруі:
4NO2 + 2H2O + O2 = 4HNO3

Слайд #11

Азот қышқылы
Сұйытылған
Сілтілік және сілтілік-жер металдармен:
NH4NO3,
NH3
Ауыр металдармен
NO
концентрациялы
Сілтілік,сілтілік-жер металдармен
N2O
Ауыр металдармен
NO2
Fe,Cr,Al пассивтенеді
Au,Pt әрекетеспейді

Слайд #12


Концентрлі азот қышқылының әрекеттесу реакциясы:

Ag + 2HNO3 = AgNO3 + NO2+H2O
Сұйытылған азот қышқылының реакциясы:

3Ag + 4HNO3 = 3AgNO3 + NO + 2H2O

4Zn + 10HNO3 (өте сұйыт) = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O


Азот қышқылы көптеген бейметалдармен әрекеттеседі:
3P + 5HNO3 + H2O = 3H3PO4 + 5NO

C + 4HNO3 = CO2 + H2O + 4NO2

Слайд #13

Азот қышқылының тұздары нитраттар деп аталады.
Оларды қыздырғанда оттегіге дейін айырылу реакциясына түседі:

MeNO3 MeNO2 + O2




MeNO3 MeO+NO2 + O2

MeNO3 Me + NO2 + O2

Мg-ге дейінгі
Мg мен Рb
дейінгі

Сu-тан кейінгі
t

Слайд #14

Жаңа сабақты бекітуге 3 топқа тапсырмалар беру:
Оқулықпен жұмыс.Оқулық мәтіні бойынша тапсырмалар беру.
«Бумеранг» әдісі бойынша оқушылар келесі топқа сұрақтар қояды.І топ келесі топқа,ІІ топ ІІІ топқа қояды. «Азот оксидтері,азот қышқылы және нитраттар» тақырыбын талдай отырып,сұрақтар құрастырады.Берілген сұрақтарға жауап береді.


Слайд #15

«Конверт-сұрақ» әдісі бойынша оқушылар конвертте берілген есептер мен жаттығуларды орындап,тақтаға жазады,түсіндіреді.

«Мен бүгін...........» әдісі бойынша оқушылар түйінді,негізгі мәліметтер кезекпен айтады. Тақырыпқа сай сөздер маңыздылығына қарай бағаланады.

Слайд #16

Сабақты қорытындылау,бағалау.
Оқушылардың сабақтағы жетістіктерін айта отырып, «Үздік химик», «Алғыр химик», «Жас химик» номинацияларымен марапаттау.

Слайд #17

Кері байланыс.Оқушылар стикерлерге
сабақ туралы өз пікірлерін жазады.


Үйге тапсырма:
Азот оксидтері,азот қышқылы және нитраттар.
Есептер:1,2. ξ8.12.

Слайд #18

Назарларыңызға рахмет!
Бәріңізге сәттілік!