"Балмұздақ" Балмұздақ туралы презентация
Cкачать презентацию: "Балмұздақ" Балмұздақ туралы презентация
Презентация по слайдам:
Слайд #1
Тақырыбы: «БАЛМҰЗДАҚ»
Дайындаған: Салихова Айша

Слайд #2
Балмұздақ - тоңазытылып жасалған тағам

Слайд #3
Балмұздақты сүт, қаймақ, қант, сары май, жеміс-жидектер, сондай-ақ дәмді, хош иісті тамақтық заттар қоспаларынан жасайды. Құрғақ қоспаға карамель сірнесі, қышқылдар, жұмыртқа ұнтағы, бал, хош иісті шәрбат, шырындар және желатин, крахмал, пектин сияқты тұрақтандырғыштар қосады

Слайд #4
Балмұздақ шығу тарихы
Қытай - қар мен мұздың сынығына
араласқан жеміс шырындары
Ресей –қатырылған сүт пен
шекердің жаңқасы
Австрия –шоколад қосты
Италия- жаңғақ пен жемістерді қосты
Франция – сүт пен қаймақ

Слайд #5
Тарихи деректер заманында атақты қолбасшы Александр Македонский үшін балмұздақтың ерекше түрі дайындалып тұрғанын да баян етеді. Ал оған керекті қар мен мұзды құлдар қаз-қатар тұрып, таудың басынан қолдан қолға жалғап жеткізіп тұрыпты. Қиыр Шығыста балмұздақ «қар шербеті» деп аталыпты. Ол сол кездері ежелгі Грекия жерінде де, байырғы Римде де танымал болыпты. Бірақ оны жеп, рахатқа бөлену құқығы Сүлеймен патша мен император Неронға, сондай-ақ алуан түрлі шахтар мен хандарға ғана беріліпті.

Слайд #6
Балмұздақ түрлері
ЖЕМІС МҰЗЫ
СҮТ БАЛМҰЗДАҚ
ПЛОМБИР
КІЛЕГЕЙ БАЛМҰЗДАҒЫ
ЖЕМІС-ЖИДЕКТІ БАЛМҰЗДАҚ

Слайд #7
АМИНҚЫШҚЫЛЫ
МАЙЛЫ ҚЫШҚЫЛДАР
МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАР
ДӘРУМЕНДЕР
ҰЙЫТҚЫЛАР
БАЛМҰЗДАҚ ҚҰРАМЫ

Слайд #8
Балмұздақтың құрамы майлылығы 10 пайыз сүт, құрғатылған сүт қалдықтары (9-12%) сонымен қоса, протеин, лактоза, қант-12-16%, бояу қоспалары – 0,2-0,5%, су-55-64% құралған.
Бір ғана құтыдағы балмұздақтан 270-тен 375 калорияны кездестіруге болады. Бүгінде шокалад, жаңғақ, жеміс-жидек, тосап, карамель, тәтті тоқаш, банан шырыны секілді дәмдеуіштер қосылған түрлі балмұздақтарды жеуге болады.

Слайд #9
БАЛМҰЗДАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДӘРУМЕНДЕР
Адам ағзасының дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін және, көз қырағылығын арттырады
Адам ағзасына күш-қуат береді, жүйке-жүйесінің дұрыс қалыптасуын, және ас қорыту процестерін жақсартады.
Сүйек ұлпасының мықты болуына әсер етеді. Жас балаларды мешел ауруларынан сақтайды
Адамның бұлшық еттерінің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады

Слайд #10
ЕҢ ҚЫМБАТ БАЛМҰЗДАҚ
Әлемдегі ең қымбат балмұздақ 25 000 АҚШ доллары тұрады. Оны Гинесстің Рекордтар Кітабы ең қымбат балмұздақ ретінде тіркеген. Frozen Haute Chocolate — балмұздақ аты. Оның қымбаттылығы мен ерекшелігі:
1) Салынатын ыдыс түрі қымбат асыл тастармен қымбат металлдардан жасалған. Қасықтың өзі сары алтынмен және бриллианттың қоңыр мен ақ түрлермін әшекейленген.
2) Балмұздақ құрамы 28 түрлі какао түйнектерінен жасалған. Оның көп бөлігі әлемнің түкпіренен әкелінеді. Балмұздақ бетінің өзінде жеуге болатын (съедобное золото) салмағы 5 граммм 28 караттан тұратын алтынмен көмкерілген.

Слайд #11
БАЛМҰЗДАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ
Балдай тәтті дәмімен тіл үйіргенімен қоймай тамақты қабындыратын бұл тәттінің кейде адам ағзасына пайдасы да бар екен.
Оның бір сыры тәтті құрамындағы инулинде жатыр. Инулин майлылығы басым балмұздақтың орның басатын қоспа. Мұның бірден-бір пайдасы ағзадағы майлылықты азайтуында. Сонымен қатар, құрамы лактоза, калций, магний, түрлі дәрумендермен бірге ацидофильді қоспалармен байытылған балмұздақтың пайдасы асқазан, ішек жолдарының жұмыс істеу қабілетін жақсартып, микрофлораның артуына септігін тигізеді. Мұнан бөлек, жүрек-қан тамырларының жұмысын, көз-тері қабілеттерін жақсартады. Демек, тәттіні балалардан бастап, қарияға дейін тұтынғанның зияны жоқ. Есесіне, денсаулыққа пайдалы тұстары да баршылық.
Ал, балмұздаққа деген құмарлығымыздың таусылмауына себеп – серотин. Бұл қоспа адам ағзасын сергек сезінтіп, жағымды көңіл-күй сыйлайтын қасиеттері бар көрінеді. Әсіресе, көңіл-күйі түсінкі, жан күйзелісінде жүрген адамдарға таптырмайтын ем.

Слайд #12
Балмұздақтың зиян жағы да жетерлік. Балмұздақ жоғары калориялы болғандықтан оны көп жегендердің дене бітімі бұзыла бастайды.
100 грамм балмұздақтың құрамында 250-500 килокалория болады.
Сонымен қатар балмұздақ басты ауыртуы мүмкін. Себебі, балмұздақ жеу барысында дененің қызуы түсіп, қан тамырлары жиырылады. Содан барып миға барған қанның қайтуы бәсеңсіп, басты ауыртады.
БАЛМҰЗДАҚТЫҢ ЗИЯНЫ

Слайд #13
БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Жаз мезгілінде әлем бойынша әрбір үш секунд сайын балмұздақ сатылады екен. АҚШ-та жыл сайын әрбір азамат орташа есеппен 20 келі балмұздақ сатып алады
Әлем халықтарының ең сүйіп жейтіні – кілегей балмұздағы, одан кейінгі орында шоколад және жеміс балмұздағы тұр
Бәрімізге жақсы танымал «Эскимо» алғашында «эскимо-пай» (эскимос бәліші) деп аталған. Бұл - шоколадпен глазурленген әлемдегі тұңғыш балмұздақ. Оны жасап шығарушы – Кристиан Нельсон есімді америкалық еді. Ол өз балмұздақтарын қала аралап сатып, эскимостар туралы фильм көрсетіп жүрген екен
Балмұздақтан жасалған әлемдегі ең үлкен тортты Пекинде жасап шығарған. Торттың ұзындығы 3 метр ғана болғандығымен, салмағы 8 тоннаны құрайды. Балмұздақ торты – балалардың «Балмұздақ тауы» атты қойылымдарының құрметіне әзірленген болатын
Ең қылмысты балмұздақ 2002 жылы Чилиде тіркелген. Полиция қызметкерлері шоколад балмұздағының ішіне кокаин тығып жасырып жүрген көше саудагерін әшкерелеген.

Слайд #14
Балалық шақта балмұздаққа әустенбеген адам жоқ шығар. Бәрімізде балмұздақты күннің аптап ыстығы тұрмақ, ауа райының салқын мезгілдерінде тұтынуды күнделікті дағдымызға айналдыратынымыз белгілі. Тіптен, кейбіреуіміздің сүйікті тәттімізге де айналғаның айтпасақ та түсінікті. Балмұздақ – үлкендер де, балалар да жақсы көретін тәттінің бірі
.
