Педагогическая идея. Презентация на тему:
Читать

Педагогическая идея. Презентация на тему: "Виды творческих игр, используемых при обучении английскому языку"

Cкачать презентацию: Педагогическая идея. Презентация на тему: "Виды творческих игр, используемых при обучении английскому языку"

    Ничего не найдено.
Click here to cancel reply.

Презентация по слайдам:


Слайд #1

Ағылшын тілін оқытуда қолданылатын ойын түрлері

Слайд #2

Ойын- дегеніміз не?


Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Слайд #3

Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
Коммуникативтік ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады, яғни мұғалім әдісі- ойын.


Зерттеу мақсаты:

Слайд #4

А. С Макаренко
«Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады».

Слайд #5


Ойын формасында жүретін сабақ белгілі бір ережелерге бағынады.

1. Алдын ала дайындалу.
2. Ойын заттарының болуы.
3. Міндетті түрде ойын қорытындысын  жариялау.
4. Құзіретті әділ қазылар алқасының болуы.
5. Балалардың зейінін аудару үшін өлең айту, секіру тәрізді сәттерді ойынға енгізу.
6. Ойын мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, пәнге қызығушылығын арттырады. Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

Слайд #6

Оқушылардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білуде, қабілеттерін дамытуда ойынның мәні зор.

Слайд #7

Шет тілі сабағындағы ойын дегеніміз – тынысы кең алысқа меңзейтін, ойдан- ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады.

Слайд #8

Оқушылардың сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор.
Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Слайд #9

Ойын түрлері өте көп.
* ойын-сабақ;
* ойын-жаттығу,
* сергіту ойындары, 
* дидактикалық мақсаттағы ойындар,
* логикалық ойындар, 
* грамматикалық ойындар

Слайд #10

Ойын түрлерін пайдалану мынадай нетижеге жеткізеді
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.

Слайд #11

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілет бар екенін байқап көреді.

Слайд #12

Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды .Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Слайд #13

«Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

Слайд #14

Қорытынды
Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар
Қорыта келгенде, оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан- жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар технологиясы көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдылаланды.
Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар технологиясы оқушылардың таным- түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді.

Слайд #15

Назарларыңызға рахмет!
Назарларыңызға
рахмет!