Читать

"Төрт түлік малдың пайдасы" 7-сынып

Cкачать презентацию: "Төрт түлік малдың пайдасы" 7-сынып

Вставить эту публикацию

Вставить код

    Ничего не найдено.
Click here to cancel reply.

Презентация по слайдам:


Слайд #1

Оқушылар, төмендегі мағлұматты зейін қойып тыңдаймыз.


Сиыр – өте пайдалы жануар. Сиыр бізге ет, сүт, құрт, ірімшік, май, қаймақ береді. Терісінен су құятын ыдыс, қымыз ашытатын саба, сусын құятын торсық жасаған. Сиырдың тезегін отынға пайдаланған. Мүйізінен тарақ жасаған.
Түйе – ірі жануар. Ол бізге шұбат береді. Шұбаттың емдік қасиеті көп. Түйе жүнінен әр түрлі көрпе жасалып, киімдер тоқылады. Ол шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні – киім. 
Жылқы – жеті қазынаның бірі. Жылқы – мінсе көлік. Сүтінің емдік қасиеті бар. Жылқы еті де пайдалы, одан қазы-қарта, шұжық жасайды. Жылқының жал-құйрығынан жіп жасаған.
Қой – ұсақ жануар. Қойдың сүті пайдалы. Сүтінен ірімшік жасайды. Қой жүнінен киіз, көрпе жасайды, жылы киімдер тоқылады. Қой етін, сүтін пайдаланамыз. Терісінен былғары алып, етік тігеді. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, бау жасаған, кілем, текемет тоқыған.

Слайд #2

«Ой қозғау» әдісі
Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?
Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
Төрт түліктің төлдерін ата.
Төрт түлік бізге не береді?

Слайд #3

Төрт түлікке қой(ешкі), жылқы, түйе, сиыр жатады.
Төрт түліктің терісінен әртүрлі сырт киімдер мен баскиімдер жасауға болады. Сондай-ақ оларды мініс көлік ретінде пайдаланамыз.
Қойдың төлі – қозы(ешкінің төлі – лақ), жылқының төлі – құлын, түйенің төлі – бота, сиырдың төлі – бұзау.
Төрт түлік бізге ет пен сүт береді.

Слайд #4

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы

Слайд #5

Есте сақтаңыз:
Жылқының пірі – Қамбар ата
Түйенің пірі – Ойсылқара
Сиырдың пірі – Зеңгі баба
Қойдың пірі – Шопан ата
Ешкінің пірі – Сексек ата

Слайд #6

Жаңа сөздер
Жамылғы көрпелер –
ұйықтағанда жамылатын көрпе.
Балқаймақ –
сүттен дайындалатын тағам.
Асыраушысы – жануардың иесі.
Иленген терісі – жануардың терісі.
Ұшқалақ – бір орында тұрмайтын адам.
Жал – жылқының желке тұсында өсетін қыл.

Слайд #7

60 бет, 2-тапсырма.Төрт түлікті шақыру тәсілдерін сәйкестендіріп кестеге түсір


«ахау-ахау!»
«шөре-шөре!»
«көс-көс!»
«пұшайт-пұшайт!»
«құрау-құрау!»
Дескриптор:2б
- кесте түрінде ұсынады-1б
- мәліметтерді дұрыс пайдаланады-1б

Слайд #8

Топтық жұмыс. 61 бет, 4-тапсырма.
Мәтіннің бөліктерін оқып, кестені толтырыңдар. Түсінгендеріңді айтып беріңдер
1-топ:Түйе
2-топ:Сиыр
3-топ:Қой
4-топ:Ешкі
5-топ:Жылқы
?
?
?
?
?
?
Дескриптор:3б
-кестені толтырады-1б
-мазмұнын түсінеді-1б
-өз ойларын жеткізіп айтады-1б

Слайд #9

Жеке жұмыс. 62 бет, 8-тапсырма. Әр түліктің пайдасын кестеге салып көрсетіңдер.
 
түйе
қой
сиыр
ешкі
жылқы
Дескриптор:2б
-кестені толтырады-1б
-түліктердің пайдасын айтады-1б

Слайд #10

1. Ер қанаты – ...
2. Екі қошқардың басы, ...
3. Ат мұратқа ...
4. Мал өсірсең, ...
Пайдасы оның көл-көсір.
5. Түйе ... жарасты,
Ас батасымен жарасты.
Қажетті сөздер: қой өсір, ботасымен, ат, бір қазанға сыймайды, жеткізер.
Дескриптор:2б
- сөздерді орынды қолданады-1б
- сөйлемді мағынасына қарай ажыратып, түсінеді-1б
Жұптық жұмыс. Төмендегі мақалдарды жалғастырыңыз.Мағынасын түсіндіріңіз

Слайд #11

Өзіңді тексер!
1. Ер қанаты – ат.
2. Екі қошқардың басы, бір қазанға сыймайды.
3. Ат мұратқа жеткізер.
4. Мал өсірсең, қой өсір,
Пайдасы оның көл-көсір.
5. Түйе ботасымен жарасты,
Ас батасымен жарасты.

Слайд #12

Сұрақ-жауап:
1.Қазақ халқы түйені қалай атайды?
2.Түйенің қандай ерекше қасиеті бар?
3.Сиыр малының қандай пайдасы бар?
4.Сиырдың мүйізінен не жасаған?
5.Қойдың жүнінен қандай бұйымдар жасауға болады?
6.Қазақ халқы қой мен ешкіні қалай қабылдаған?
7.Жылқының пайдасы қандай?

Слайд #13

Рефлексия «Бағдаршам»
Әлі де сұрақтарым бар
Тақырыпты түсінуге әлі де
тырысу керек
Тақырыпты толық түсіндім