"Шынықсаң шымыр боларсың" 6-сынып
Cкачать презентацию: "Шынықсаң шымыр боларсың" 6-сынып
Презентация по слайдам:
Слайд #1
Сөзжұмбақты шешіп, сабақтың тақырыбын болжап көріңдер
1.Бекзат Саттарханов қай Олимпиадада алтын медальге ие болды?
2.2008 жылы Олимпиада қай қалада болды?
3.Серік Сәпиев қай Олимпиадада бірінші орын алды?
4.Мығым сөзінің синонимін табыңдар
5.Әлемдегі ең танымал спорттық командалық ойын түрі?

Слайд #2
Жаңа сөздер
Иілу-еңкею, бүгілу
Мәре-меже,көмбе
Шынығу-жаттығу,шыңдалу
Шымыр-мығым,мықты,жаттыққан
Ұпай-сан,баға,деңгей
Мерей-мәртебе, дәреже, атақ
Баулу-үйрету, дамыту
Сөйлем құру
Сөз тіркесін құрастыру
Оқу, қайталау

Слайд #3
Сұрақ-жауап
1.Суретте кім бейнеленген?
2. «Мұзафар Әлімбаев» деген есім таныс па?
3.Оның балалар әдебиетіне қосқан үлесі қандай?
4.Мұзафар Әлімбаевтің спорт тақырыбына жазған қай өлеңін білесіңдер?
Дескриптор:1б
- сұрақтарға жауап берді-1б

Слайд #4
Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Маралды атырабы, Шарбақты ауданы, Павлодар облысы – 26 қараша 2017 жыл, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты,. 2017 жылы дүниеден озды. Ол- ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы.
М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынықсаң - шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын - зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының

Слайд #5
Топтық жұмыс.
Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Слайд #6
Тапсырма: Сұрақ-жауап
1.Өлең не туралы?
2.Өлеңге қандай тақырып қоюға болады?
3.Жаттығудың адамға қандай пайдасы бар?
Дескриптор-1б:
- өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді-1б

Слайд #7
Тапсырма. Берілген сөздердің синонимін тауып, сол сөздермен сөйлем құраңдар.
1-топ: Иілу, безек қағу,
2-топ:ұқсау, қанат жаю
Дескриптор: 5б
- өлеңді мәнерлеп оқиды-1б
-сөздердің синонимін тапты-1б
-сөйлемдер құрады-1б
-сөздердің орын тәртібін сақтады-1б
-жалғауларды дұрыс жазды-1б.

Слайд #8
Үй жұмысы
127 бет, 4-тапсырма Спорт, денсаулық тақырыптарына диалог құрыңдар

Слайд #9
