Деректер типтері 7 сынып
Cкачать презентацию: Деректер типтері 7 сынып
Презентация по слайдам:
Слайд #1
Деректер типтері
7-сынып
Информатика

Слайд #2
Математикалық сандардың қандай жиындарын білесің? Есіңе түсір.
Сандарды жиындарға ажыратудың себебі неде? Ойыңмен бөліс.
Ұяшықтарға біртекті деректерді енгізуді автоматтандыруға бола ма?
Енгізуді автоматтандырудың тиімділігі неде?
автотолтыру – автозаполнение – autocomplete
сан форматы – числовой формат – number format
Электрондық кестеде деректер типін жіктеу мен кестелерді автоматты түрде толтыру қалай орындалады?
Ойлан
Электрондық кесте арқылы есеп шығару
ІІІ БӨЛІМ

Слайд #3
Кестенің ұяшықтарына деректердің үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Олар:
• сан;
• формула;
• мәтін.
Жаңа білім
Егер енгізілетін символдар тек цифрлардан құралса, онда оны санды типке жатқызамыз. Кез келген формула «=» символынан басталады. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф (’) болса, оның типі мәтін болып қабылданады. MS Excel электрондық кестесінде қарапайым мәтін ұяшықтың сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті бойынша реттеледі. Деректерді «Enter» пернесін басып енгіземіз. Енгізілген деректерді ұяшықтан алып тастап, ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін, «Еsc» пернесін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (Отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген санды деректер автоматты түрде ұяшықта оң жақ шетте орналасады.
Сандық формат. Математикалық және қаржылық есептерде кәдімгі сандық формат, қаржылық және мерзімдік формат қолданылады. Кәдімгі сандық формат әртүрлі санды шамаларды жазуға арналған. Мысалы, қайсыбір тауардың санын, процентін, жас мөлшерін т.б. жазамыз. Ақша сомасын енгізу қаржылық форматта жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазғанда мерзімдік формат пайдаланылады.
Мәтіндік формат мәтіндік жолдармен және цифрлармен көрсетілген сандық емес деректерді жазу үшін қолданылады. Бұларға тіркеу нөмірлері, поштаның индексі мен телефонның нөмірі жатады.

Слайд #4
Автотолтырудың 3 жағдайда қолданылуы:
Баған немесе жолдардың ұяшықтарын бірдей деректермен толтыруда қолданылады. Мысалы, 500, 500, 500, 500, ...
Баған мен ұяшықтарды белгілі бір интервалдағы санмен толтыруда қолданылады. Мысалы, тақ сандармен ұяшықтарды толтыру: 1, 3, 5, 7, 9...
Қатар тұрған ұяшықтарда бір формула көмегімен автоматты түрде есептеулер жүргізуде де автотолтыру қолданылады. Мысалы, белгілі бір есептеуді орындау үшін, бір ғана ұяшыққа формула жазу жеткілікті. Қалған ұяшықтарға формуланы автотолтыруды қолдану арқылы жылдам есептеуге болады.
Кестені біртекті деректермен автоматты толтыру
Excel-дегі Автотолтыру қызметі – кестені сандармен толтыруға, формулаларды автоматты қолдану мен есеп жүргізуге өте ыңғайлы функция.

Слайд #5
Excel программасында біртекті деректі, натурал сандар тізбегін (кейінгі мүшесі алдыңғы мүшесін бірдей санға арттыру не кеміту арқылы алынатын тізбек) «+» автотолтыру маркері арқылы жүзеге асырады. Мысалы, ай аттарын көлденеңінен автотолтыру үшін, айлардың алғашқы екеуі жазылады. Жазылған ай аттарын ерекшелеп, тінтуірдің сол жақ батырмасымен оңға қарай тартамыз (2-сурет).
Excel-де ұяшықтардағы деректерді автотолтырудан басқа да ерекше қызметтер бар. Олардың бірі – ұяшыққа жазылған сандарды автоқосу. Бұл әрекетті жүзеге асыру жолдары:
А1 ұяшығына 10, А2 ұяшығына 20 санын жазамыз. Автотолтыру арқылы тінтуірдің көрсеткішін басқарушы элементке қойып, оны сол жақ төменгі бұрышынан А10 ұяшығына дейін төмен тартамыз (3-сурет).
А1 және А10 ұяшығындағы сандарды автоқосу үшін, ұяшықтарды ерекшелеп алып, Автосумма (Автоқосынды) батырмасын басамыз (4-сурет).

Слайд #6
Ұяшықтарға формуланы автоорналастыру
Excel-де ұяшыққа жазылған формуланы басқа ұяшықтарға да орналастыру арқылы автоматты түрде жылдам есептеуге болады. Төмендегі жағдайды қарастырайық.
Тапсырма. Бізге теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы өзгерген 10 күн аралығы берілген. Айырбастау пункттерінде 10 күн бойы әртүрлі мөлшердегі АҚШ долларын айырбастау арқылы қолымызға тиетін теңгенің мөлшерін есептейік. Долларды теңгеге ауыстырудың қарапайым формуласын бірінші ұяшыққа жазамыз. Қалған ұяшықтарға да осы формуланы автотолтыру арқылы енгізіп, барлық қатардағы есептеулерді бір сәтте аяқтауға болады.
Бұл үшін:
«=C3*D3» формуласын Е3 ұяшығына жазып, ˅таңбасын немесе Enter пернесін басамыз (5-сурет).
Е3 ұяшығын тінтуірдің меңзерін автотолтыру маркеріне өткізіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей баса отырып, төмен қарай тартамыз (6-сурет).

Слайд #7

Слайд #8
«Деректер типі» дегеніміз не?
Excel-де деректер типін не үшін қолданады?
Кесте ұяшықтарына деректердің қандай түрлерін енгізуге болады?
«Ұяшықтарды біртекті деректермен автоматты толтыру» деген не?
Ұяшықтарды қандай деректер түрлерімен автоматты толтыруға болады?
Ұяшықтағы сандарды автоматты қосу жұмысы қалай орындалады?
«Ұяшықтарға формуланы автоматты қою» деген не?
Ұяшықтарды автоматты толтыру пайдаланушы жұмысын қаншалықты жеңілдетеді?
Жыл қайыру кестесін жасау Қазақ халқының «Жыл басы» наурыз айынан басталады. Он екі жыл бір мүшел деп есептеледі. Жыл басы – «тышқан». Алған біліміңді пайдаланып, берілген кестені Excel программасында жасап, оны сақта (1-кесте).
Ойлануға берілген сұрақтар
Үй тапсырмасы
