Ата – анамен қарым-қатынас
Читать

Ата – анамен қарым-қатынас

Cкачать презентацию: Ата – анамен қарым-қатынас

Вставить эту публикацию

Вставить код

    Ничего не найдено.
Click here to cancel reply.

Презентация по слайдам:


Слайд #1

“ Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін КММ ”
“Ата – анамен қарым-қатынас ”
(тренинг)

Слайд #2

Мақсаты:
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  
Ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару,
Жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.
Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін,
олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты
жақсарту.

Слайд #3

Құрметті ата-аналар, бүгінгі тренингке келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.

Слайд #4

1. «Танысу» жаттығуы.
Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанмыз жүрегіміз.
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Слайд #5

«Шеңбер» жаттығуы.


Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық.Шеңбер арқылы біз бір-бірімізге күлімдеп карап, бақыт , қуаныш, жылулық тілейміз.

Слайд #6





А- ка З- з П – но Ц – ми Б-зу
И – ки Р-ши Ч-кэ В-ру К-мэ
С – ари Ш,Щ- хи Г- жи Л – та Т- чи
Ь,Ъ,Ы-зук Д –тэ М- рин У- до
Э-мэй Е- ку Н-то Ф- лу Ю-фу
Ж-су О-мо Х-ри Я-на

2. Сәлемдесу. “Жапон әліппесі ” жаттығуы

Слайд #7

« Орман суреті»-өзіңді білгің келсе жобалық тесті.
Мақсаты:Ата-аналар жобалық тест арқылы өздерінің жекелік қасиеттерін біле алады.

Слайд #8

Тау салынса- алыстан болжайды.
Құс салынса-өзінің басқалардан биік болғанын ұнатады.
Жыртқыш аң салынса- бегісіз бір жерден қауіп күтеді.
Жыртқыш емес аң салынса- сұлулыққа ұмтылады,ұрыс-керісті ұаната бермейді.
Су -көңілдің тазалығын білдіреді.
Жеміс ағаштары-отбаслық тыныштықты қалайды.
Күн-мейірімділік,шуаықтылық.
Бұлт –өзіндік үрейлену,депрессия.

Слайд #9




Ата-аналарға арналған сауалнама

Слайд #10

Қорытынды
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!