Зат есімнің септелуі 4 сынып
Cкачать презентацию: Зат есімнің септелуі 4 сынып
Презентация по слайдам:
Слайд #1
Тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Мақсаты: 4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу
Күтілетін нәтиже: Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін қалыптасып, септік жалғауларымен танысу арқылы тақырыпты үйрене алады.
Орындаған: Абузара А.С
Орындаған: Абузара А.С

Слайд #2
Жаңа сабақ: Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді.
Сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды.
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау , ілік , барыс, табыс, жатыс, шығыс , көмектес.
“ Мюнстенберг” әдісі
Оаррзатпрпресімніңиаопсептелуіпрп

Слайд #3

Слайд #4
Жеке жұмыс.
1-тапсырма. Сұрақтардың орнына Ақбөкен сөзін қойып мәтінді көшіріп жаз.
Ақбөкен (не?) - шөлге төзімді, әрі жүйрік, есті жануар. Ақбөкен (нені?) «Киік» деп те атайды. Олар сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен ұзақ жүгіретін көрінеді. Ақбөкен (ненің?) қорегі- өсімдік. Күз айларында көк шөптің қоры мол болса да, жусанмен қоректенеді. Себебі, оныңқұрамында іштегі зияеды құрттарды жоятын заттар бар. Міне, киіктердің өзін өзі емдеуі табиғаттың оларға берген тамаша қасиеті.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды;
Сұрақтардың орнына Ақбөкен сөзін қойып жаза алады;
ҚБ: “Бағдаршам” әдісі

Слайд #5
Топтық жұмыс
2-тапсырма. «Септеу эстафетасы» ойыны. Адам, табиғат, Отан сөздерін септеп жаз.
Шарты: Тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.
А.с адам, табиғат, Отан
І.с адамның, табиғаттың, Отанның
Б.с адамға, табиғатқа, Отанға
Т.с адамды, табиғатты, Отанды
Ж.с адамда, табиғатта, Отанда
Ш.с адамнан, табиғаттан, Отаннан
К.с адаммен, табиғатпен, Отанмен
Дескриптор:
Берілген сөздерді септеп жаза алады;
ҚБ: “Бас бармақ”

Слайд #6
Топтық жұмыс
3- тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар
1-топ. Өлең құрастыр «Киік»
2- топ.Эссе жазу «Киік»
3- топ. Ребус құрастыр «Киік»
Дескриптор:
Берілген тақырып бойынша өлең құрастырады;
“Киік” тақырыбында эссе жазады;
“Киік” сөзіне ребус құрастыра алады;
ҚБ:”От шашу”

Слайд #7
Рефлексия
Сандық – білімді ойыма тоқыдым;
Ет турағыш -білімімді әрі қарай жетілдіруім керек;
Қоқыс шелегі - маған бұл білім қажет емес.
