Урок,
Читать

Урок, "Қазақ жазуы" 8 класс

Cкачать презентацию: Урок, "Қазақ жазуы" 8 класс

Вставить эту публикацию

Вставить код

    Ничего не найдено.
Click here to cancel reply.

Презентация по слайдам:


Слайд #1

Тақырып: Қазақ жазуы
Оқу мақсаты:
Сіздің меңгеретініңіз:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу.
Жазудың қызметі қандай?

Слайд #2

Жауабы:
Жазу – адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған.

Слайд #3

Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табыңыз
Жазудың маңызы мен қызметі
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткені жазу қоғамдық қатынастың дамып жетілуін ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен, қарым – қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген. Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі адамзат мәдениетінің жетістіктерінің бәрі жазу арқасында»

Слайд #4

....Біздіңше, өркениеттің дамуын сипаттауда жазудың маңызынан бастап айту оның әлдеқайда жүйелі, күрделі, дербес құрылым болып қалыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта атқарар қызметін танытпақ. Мысалы, шумер елінде жазудың болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне, сауданың өркендеуіне байланысты болғаны белгілі.Жазудың сол антикалық дәуірдегі қызметі бүгінгі әлемиет дәуірінде қайта күшейіп, жазу мемлекеттілікке, заңнама, құжатнамаға қызмет етеді. Бүгінгі ресми қағаздар адамдардың сөйлесуінсіз-ақ түсінісетін, құжаттар өзара «сөйлесетін» жүйе құрайды. Ресми іс қағаздар айқындылықтың, дәлелдіктің, аргумент, фактінің құжаты болды. Ендеше, жазудың бүгінгі күн тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңестік шегіндегі әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Яғни мемлекеттің күшеюімен байланысты жазудың дерек болу (визуалдылық арқылы) сипаты артып отыр.
(Қ.Б.Күдеринова «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы»)

Слайд #5

Жауабы
Жазу – адамдардың қашықтықтан тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз еті. Өйткені жазу қоғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастың дамып жетілуін ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен, қарым – қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар ...

Слайд #6

Тапсырма. Төмендегі ақпараттарға дұрыстығына сай «шын» немесе «жалған» сөзін қойыңыз.
1. Адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етуде жазудың рөлі маңызды емес.
2. Қазіргі заманда жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден кеміп барады.
3. Шумер елінде жазудың болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне байланысты.
4. Бүгінгі күні жазудың маңызы әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр.

Слайд #7

Жауабы:
1. Адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етуде жазудың рөлі маңызды емес.(жалған)
2. Қазіргі заманда жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден кеміп барады.(жалған)
3. Шумер елінде жазудың болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне байланысты. (шын)
4. Бүгінгі күні жазудың маңызы әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. (шын)

Слайд #8

Мәтін көлемін барынша қысқартып жинақы мәтін құрастырыңыз.
Асыл арна
Кез келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы VI ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті VI – XV ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз. VI-IX ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері, яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу – Насыр Әл – Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

Слайд #9

Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
1. мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау;
2. қосымна ақпараттарды сызып тастау;
3. негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу;
4. автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау;
5. мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету.

Слайд #10

Үлгі:
Түпнұсқа мәтін
Жинақы мәтін
Сөз қадірі
Қазақ халқы өзінің ана тілін, сөз қадірін жоғары бағалап, қадірлей білген.Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктері мен қарым – қатынасының ішінде ана тілін жоғары қойған. Әрбір сөзге мән беріп, байқап сөйлеген. «Адам көңілінен азады, Тілінен жазады» деген секілді ескертпе сөздер, мақал – мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық бір ауыз сөздің қадірін түсініп, бір ауыз сөзге келмей шешімге келген.

Қазақ халқы сөз қадірін бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және бір ауыз сөздің қадірін жақсы түсінген.

Слайд #11

Жауабы
Жинақы мәтін
Кез келген халықтың өз тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы сонау ертеден бастау алады.