"Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі"
Cкачать презентацию: "Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі"
Презентация по слайдам:
Слайд #1
Ата-аналарға арналған кеңес беру:
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Дайындаған: Клещёва Т.И. -
№15 «Жидек» ББ психологі

Слайд #2
Әке мен ана –әр бала өміріндегі ең қымбат және ең маңызды адамдар

Слайд #3
Баланың дамуы үшін ең бастысы анамен байланыс деген пікір бар
Алайда баланың жеке басының толық қалыптасуы үшін оның әкемен қарым-қатынасы да соғұрлым маңызды екендігі белгілі болды.

Слайд #4
Әке – бала үшін кез келген құбыжықты үркітіп, барлық көлеңкені сейілте алатын жалғыз батыл тұлға.
Әкемен бірге баланың қорқынышы жоғалады. Әке құдіретті және қорған , ол баланың көз алдында бәрін жасай алады.

Слайд #5
Бала үшін әке жай туыс емес, ол ер азаматтың өнегесі, ерліктің және ер бастамасының символы
Әке балаға өзі және айналасындағылар туралы түсінік қалыптастыруға көмек береді

Слайд #6
Әке баланы өзін-өзі тәрбиелеуге баули отырып, оларға көбірек дербестік беру арқылы азырақ қамқорлық жасайды
Осы арқылы әкелер баланың анадан бөліну үрдісін ынталандырады және әлеуметтік жағдайларға бейімделуін жеделдетеді.

Слайд #7
Әкенің рөлі мінез-құлықтың белгілі бір үлгісін білдіреді, бедел мен сенімділіктің көзі болып табылады.
Әке– бала үшін тәртіп тұлғасы

Слайд #8
Тәрбиесінде әкелері маңызды рөл атқарған балалар өздеріне сенімді және өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болып келеді.

Слайд #9
Егер әке кез келген бала үшін беделді болса,
әдетте бұндай балалар тәртіпті келеді, өздерін шындыққа шынайы қарауға және болашақта табысты болуға итермелейді.

Слайд #10
Ерлер, әкелер, балаңыздың болашағының жетістігі сізге байланысты екендігін естеріңізге сақтаңыздар!
Балаларыңызды жақсы көріңіздер!
Назарларыңызға рақмет!
