Жауапкершілік ата-анадан берілетін қасиет пе, әлде тәрбиелену арқылы қалыптасатын құндылық па?
Cкачать презентацию: Жауапкершілік ата-анадан берілетін қасиет пе, әлде тәрбиелену арқылы қалыптасатын құндылық па?
Презентация по слайдам:
Слайд #1
«Жауапкершілік ата-анадан берілетін қасиет пе, әлде тәрбиелену арқылы қалыптасатын құндылық па?
Мақсаты: оқушыларға жеке басына деген тиянақтылықтың маңызын түсіндіру арқылы азаматтық жауапкершілігін сезіндіру

Слайд #2
Миға шабуыл
Қоғам алдындағы жауапкершілік деген не?
Жауапкершілік ата- анадан берілетін қасиет пе?
Жауапкершілік тәрбиелену арқылы қалыптасатын құндылық па?
Жауапсыздықтың салдары қандай?

Слайд #3
Жауапкершілік деген не?
Жауапкершілік - адамның белгілі бір іске, тапсырылған міндетке жауапкершілікпен қарап, оны қалай да орындап, жүзеге асырып отыратын адамгершілік қасиеттің көрінісі
Жауапкершіліктің антонимы – жауапсыздық.
Жауапсыздық өз міндетіне салғырт қарап, жүктелген жұмысты орындамау.

Слайд #4
Жауапкершілік аброй арттырады,
Жауапсыздық ұятқа қалдырады
Халық даналығы
Істегісі келетін адам- мүмкіндік, ал істегісі келмейтін адам –сылтау іздейді.
Жауапкершілікті кім алып жүргені маңызды емес, қалай алып жүргені маңызды.
Борис Шапиро
Жауапкершілік пен шынайылық - ең қымбат қасиет. Оны арзан адамдардан күтудің қажеті жоқ. Нақыл сөз

Слайд #5
Жауапкершілікті қалыптастырудың жолдары қандай?
1.Жеке тұлға әуелі өз міндеттерін біліп, ұқыпты болуға тырысқаны жөн.
2.Сөзде тұрып уәдеге берік болу керек
3.Қателікті біреуден іздемеген жөн.

Слайд #6
Жауапкершіліктің белгілері
Қиындыққа төзе білу
Еш уақытта бейқамдыққа салынбау, ақталмау
Қандай жағдай туындаса да ешкімді кінәламау
Өзгенің аяушылығын тудыруға тырысудан аулақ болу
Мәселелердің шешімі тек өзіне байланысты екенін түсіну
Мақсатына жету жолында кез келген тәуекелге бел байлау

Слайд #7
Кері байланыс
Мен кім үшін жауаптымын? Неге?
1.
2.
3.
