"Ғабиден Мұстафинннің 120 жыл толуына орай"
Cкачать презентацию: "Ғабиден Мұстафинннің 120 жыл толуына орай"
Презентация по слайдам:
Слайд #1
Ғабиден Мұстафин –
тілін сүйген ұлы жазушы
Ғабиден Мұстафиннің туғанына
120 жыл толуына орай

Слайд #2
Ғабиден Мұстафин
(1902–1985) 29 қарашада қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген.
14 жасында Спасск зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4-сыныбына түседі. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады.
Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді. Мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.

Слайд #3
Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» журналында жарияланады.
Тұңғыш әңгімелер жинағы
«Ер Шойын» (1929) деген атпен басылып шықты.
1930 жылы көктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істейді: слесарь, токарь мамандығын меңгереді.

Слайд #4
1938 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалады.
Көп кешікпей, Новосибирск қаласында қазақ тілінде «Қызыл ту» атты газеттің шығуына байланысты, сонда жіберіледі.
Газет жабылғаннан кейін (1938) Алматыға келеді. 7–8 жыл көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыста қаламы төселіп, өмір тәжірибесі молайып қалған оның тұңғыш романы
«Өмір не өлім» 1940 жылы жеке кітап болып басылды.

Слайд #5
1940 жылы Ғ. Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы — «Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты. Бұл қазақ әдебиетіндегі ауыр өнеркәсіпте еңбек еткен жұмысшы табы мен техникалык интеллигенцияны бейнелеген тұңғыш шығарманың бірі еді.

Слайд #6
«Өмір мен өлімнен» кейін жазушы шығармашылығының сәтті кезеңі басталады, ауылдағы ұлы өзгерістерге арналған «Шығанақ» (1945) пен «Миллионер» (1948) жарық көреді.
Көп кешікпей орыс тілінде жарияланған бұл шығармалар қаламгер есімін. кеңінен танытады. Мұстафин шығармалары шет елдердің тіліне аударыла бастайды.

Слайд #7
Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті туындысына айналған
«Қарағанды» романы(1952) мен жазушы шығармашылығының бір шыңы — «Дауылдан соң» (1960) романы басылып шығады.

Слайд #8
«Қарағанды» — қою оқиғалы, кең тынысты, күрделі роман.
Автор «Өмір мен өлім» романының кейбір сюжеті мен оқиғасын пайдалана отырып, Қазақстанда жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолын бейнелейді.
Роман 30—40-жылдар арасын қамтиды.

Слайд #9
Ғұлама жазушының Қазақ кеңес әдебиетін дамытудағы және қоғамдық қызметіндегі қол жеткен жетістіктері белсенділігі, іскерлігі ескерусіз қалған жоқ.
Ол "Ленин" орденімен,
"Еңбек Қызыл Ту" және екінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен марапатталған.
https://www.youtube.com/watch?v=4s_OHNj3Xuk
Қарағандыдағы классиктің тас мүсіні

Слайд #10
ҒАБИДЕН
Мұстафин
өмірі
қызметі
шығармалары
