Нәтиже сабақ
Читать

Нәтиже сабақ "Атақты полиглоттар" 7-сынып

Cкачать презентацию: Нәтиже сабақ "Атақты полиглоттар" 7-сынып

Вставить эту публикацию

Вставить код

    Ничего не найдено.
Click here to cancel reply.

Презентация по слайдам:


Слайд #1

Қыркүйектің он тоғызы
Нәтиже сабақ
ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі

Слайд #2

Сабақтың мақсаты
7.3.1.1 кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер
түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу;

7.5.1.1 мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу,
жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

Слайд #3

Атақты полиглоттар
Тіл білетін адамдар көп. 2-3 тіл білетін адамдар одан да көп. Ал көп тіл білетін адамдарды полиглот дейміз және олар туралы көптеген зерттеулер жасалып, мақалалар жазылып, тіл үйренгендегі қызықтары мен тіл үйрену жолдары туралы көп айтылады.
Бүгін ең танымал полиглоттар туралы сөйлесейік. Оның ішінде ең танымал  5 полиглот туралы айтайық. Осы ақпаратты қарап отырып Майкл Эрардтың «Полиглот феномені» деген кітабын тауып алдым. Кітапты оқып, өзіңізге қызық мәліметтер табасыз деп сенеміз.
Ал қазір ең танымал бес полиглоты тізіп шығайық:
Ватикан кітапханасының қорғаушысы кардинал Джузеппе Каспар Меццофанти туралы көп айтылады екен. Байронның замандасы 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сөйлеп, 50-ге шақты тілде өлеңдер мен эпиграммалар жазған.
Аудармашы және жазушы Като Ломб 15 тілді меңгерген, оның ішінде — итальян, француз, поляк, қытай, жапон тілдері де бар. Бұл тілдерді ол ересек кезінде, аз уақыт ішінде меңгеріп алған.
Британ журналисті Гарольд Уильямс сексен тілді біледі. Ол он бір жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жаттап алған екен.
Вилли Мельников Афганистанда әскери борышын өтеп жүргенде жараланады (контузия), осындан кейін оның тіл меңгеруге деген адам сенгісіз қабілеті пайда болады. Ол 93 тілде өлең жазады.
Иштван Даби, венгер аудармашысы және жазушы, 18 жасында 18 тіл білгенімен танымал болды. Тіл үйренуін жалғастыра берген Иштван Даби 103 тіл біледі.

Слайд #4

Мәтінде берілген ақпаратты кестеге жаз

Слайд #5

Сұрақтарға жауап бер
Полиглот деп кімді айтамыз?
Майкл Эрардтың кітабы қалай аталады?
Оннан аса тілді аз уақыт ішінде меңгерген кім?
Жүзге жуық тілде өлең жазған кім?
Ауыр жарақаттан соң тіл меңгеруге деген қабілеті пайда болған полиглот кім?

Слайд #6

Көмекші есімдер
Мысық терезенің                     отыр.
Ит табақтың                         отыр.
Жұмыртқа қоянның                  жатыр
Шарлар креслоның                   тұр.
5. Тышқан орындықтың                  отыр.
6. Жұмыртқалар тауықтың           жатыр.
7. Сәбіз қоянның                         жатыр.
8. Мысық асқабақтың                         тұр.

Слайд #7

Бағандағы сөздерді сәйкестендір,
мағынасын түсіндір

Слайд #8